Семей. 23.12. “Semeyainasy” – Биылғы жылы Семей өңірінде ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 47,6 млрд теңгені құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы – 26,9 млрд теңге, мал шаруашылығы бойынша – 20,7 млрд теңге
Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.
– 15 600 га алаңға ауылшаруашылық дақылдары егілді. Минералды тыңайтқыштарды өндіру және пайдалану, және жаңа технологияларды қолдану барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бидай – 30%-ға, май өндіру дақылдары – 16%-ға, картоп – 20%-ға, көкөніс – 9%-ға және бақша дақылдары – 4,5%-ға артты.
Ет өнімінің 6,2%-ға, сүттің 2,9%-ға артуы және жұмыртқа өнімінің 2,8 есеге өсуі қамтамасыз етілді. Ірі қара мал басының саны 8,5%-ға, қой және ешкі малдарының саны – 7,4%-ға, жылқы малының саны – 15,6%-ға көбейді, – деді Бақытжан Байахметов.
Жыл басынан бастап ауыл шаруашылығын дамытуға 1816,5 млн теңге субсидия бөлінді, соның ішінде, өсімдік шаруашылығына – 200,9 млн теңге, мал шаруашылығын дамытуға – 542,6 млн теңге, инвестициялық субсидияландыруға – 1073,0 млн теңге.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешенінің шаруашылықпен айналысатын субъектілері 40 жеңілдетілген несие алды, олармен жалпы сомасы 544,5 млн теңгеге 748 ірі қара мал, 1370 бас ұсақ мүйізді мал және 513 бас жылқы сатып алынды.
Семей қаласындағы ақпараттық орталығы
809 всего, 6