Семей.04.10.”Semey Ainasy” – 2001 жылы 31 мамырда «Ертіс өңірі» газетінде, саяси құғын сүргіндерді еске алу күні шыққан «Өлмес іс, өшпес із қалдырған»- деген, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты Кеңесқазы Бәшей жазған, Нұрымхан Омарұлына арналған мақаладан, ұстазының есімі өшпей болашақ ұрпаққа жету үшін Нұртаза Машпиұлы сол кісіге аманат еткен естелігі туралы жазған үзіндісі:
– Бірде, 9 Май мерекесі қарсаныңда дәм үстінде Нұрымхан Омарұлының оқушысы, бүкіл Семей өңіріне белгілі ақсақал Нұртаза Машпиевпен болған әңгіме үстінде мынадай сөздің куәсі болғаным бар. Бұл 1965 жылдары областық «Семей таңы» газетінде практикалық жұмыста жүрген кезімде болған еді. Онда мен ҚазМҰУ-дің 3-ші курсында журналистика факультетінде оқушы едім.
Сонда Нұртаза ақсақал: – Балам, бұл өмірде біз не көрмедік, аштықтыда, соғысты да бастан өткіздік. Бірақ біздің сауаттылыққа көзімізді ашқан, білім берген кейбір атпал азаматтарымыздың еңбегі жанбай жүр. Олар туралы айтуға да болмайтын заман ғой қазір. Алайда, олар жайлы айтылатынына, еңбегі еш болмайтынына мен өзім сенемін. Ерте ме, кеш пе, олар жайлы айтатын боларсыңдар. Біз айта алмаспыз… Сендер жасындар ғой, заман сендердікі. Сол кезде айтарсың. Сол абзал азаматтың бірі және бірегейі – менің алғашқы ұстазым Нұрымхан Омарұлы. Менің бұл сөзімді сол кезде бірге оқыған атан, ақын Сәду Машақов та қолдайды. Сәкен екеумізді қолымыздан жетектеп аппарып мектеп партасына отырғызған осы кісі еді. Шынында оның атасы Тұрғынбайдың аздаған малы, өзіне бекітіліп берген жері болған. Ондай жер, өзіне белгілі, Құнанбай қажыда да болған. Ал сол кездегі Тұрғынбайдың жері қазіргі жез қазып алып жүрген Жезкент көрінеді. Кеңес өкіметі орнаған соң олар да өзіміз секілді тақыр кедейге айналды. Бар байлығымды өкімет тартып алды деп өкпелеген жоқ. Қайта сол қысталан жылдары Нұрымхан ұстазымыз осы қалада құрылған жалғыз жетім балалар үйіне де қолдан келгенше көмек көрсеткенің біз өз көзіміз көрді. Жетімдерге жаны ашып тұратын үлкен жүректі адам еді. Амал не, осындай абзал азаматтарға араша бола алмадық. Біздің өкінішіміз сол.., -деді.
Машпиев Нұртаза экстернмен біздің қазіргі педколледжді (педучилище) және пединститутымыз бітірген, Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі, туған қаласының экономикасы мен инфрақұрылымын дамыту мен нығайту жолындағы 60 жылдан астам еңбегі үшін, Семей қаласы әкімдігінің 1994 жылғы 4 тамыздағы No 568 қаулысымен Нұртаза Мәшпиұлына Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді.
Нұрымхан Омарұлы мен өзім 1987 жылы екінші сыныптың үшінші тоқсанынан, 1986 жылғы желтоқсан айында болған оқиғалардан кейін ата-анам Семей қаласының 6 орыс тілді мектептен 16 қазақ мектебіне ауыстырған мектептің ірге тасын қалап тұңғыш басшысы болған екен, сол мектепті 1995 жылы аяқтадым, қазір бұл мектеп ғалым физик математик осы 16 орта мектеп түлегі Төлеубай Ыдрысұлы Аманов атында. Бұл мектепте тағы бір Семей өңіріне белгілі ұстаз Машпиев оқыған, ол туралы келесі постымда атам өтем.
Нұрымхан Омарұлы 1937 жылдары -байдың тұқымы, ол кедей балалармен бірге байдың тұқымын оқытып жатыр деп жала жауылып қудалауға ұшырап, ату жазасына да кесіліп, абырой болғанда жақын достары араша түсіп, жазасынан құтылса да жер аударылып, көрмегенді көрген. Адал еңбегімен көзге түсіп 1942 жылы өз еркімен соғысқа атанып, Сталинград түбінен бастап Курск доғасында хабарсыз кетіпті.
Роллан Машпиев
580 всего, 9