Семей.30.04.25.”Semeyainasy” – 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және Бөлім командирі полковник Исенов Айбек Аскерович Жеңістің 80 жылдығына арналған марафонға қатысты

2025 жылғы 29 сәуірде 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған 10 шақырымдық марафонға қатысты.

Аталған іс-шара — батырларымыздың ерлігін еске алып, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. Жүгіру барысында әскери қызметшілер жоғары дене даярлығын, тәртіп пен ұйымшылдықты көрсетті.

Бөлім басшылығы мұндай іс-шаралардың әскери рухты нығайтып, жас сарбаздардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті арттырудағы маңызы зор екенін атап өтті. Патриоттық бағыттағы мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Semeyainasy.media

 227 всего,  227 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *