Семей.22.11.”Semeyainasy” – Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «ARAL – 2024» жасылдар партияларының І саммиті өтеді.
Арал теңізінің ахуалы адамзатты алаңдатып отыр. Орталық Азия және Каспий маңы елдері қоршаған ортаны, соның ішінде Арал теңізін қорғау бағытында ортақ келісімдер мен шешімдер қабылдап келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде де Арал теңізін құтқару үшін нақты шаралар жасалып жатқанын атап өтті.
Климаттық өзгерістерге төтеп беру, апатқа ұшыраған Арал аумағын оңалту, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану — жауапкершілігі мен маңызы жоғары кешенді жұмыс. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы айтулы мәселелерді шешу үшін түрлі деңгейде бірлескен күш-жігер қажет екеніне назар аударғысы келеді. Осы орайда тұңғыш рет бірқатар мемлекеттегі жасылдар партияларының басын қосқалы тұрған «ARAL – 2024» саммитінің
Semeyainasy.media
157 всего, 9