Семей.15.03.”Semey Ainasy” – ҚАЖ қызметкерлері Ұлттық салт-дәстүрді қастерлейтін, ел тағдырына жауапты азаматтың қасиеттерін қалыптастыру мақсатында театрға барды.

Елімізде 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт- дәстүрлер күнін атап өтуге байланысты, Абай облысы Семей қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты N 21 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері арасында Мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттау күніне орай жеке құрам театрға барып қайтты.Кызметкерлердің жаңа қабылетін оятып, күнделікті өмірдегі мінез-құлқын қалыптастыруға бірден-бір себеп болатын,сонымен қатар идеологиялық, Рухани-адамгершілік тәрбие беретін бұл мерекенің маңызы өте зор.

Бұндай іс-шаралар Ішкі істер министрлігінің 2023 жылдың 29 желтоқсанындағы No 960 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарында қызметкерлердің идеологиялық және адамгершілік-патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы нұсқаулығына сәйкес ұйымдастырылады.

Олай дейтін себебіміз, тәрбиенің қайнар көзі болып табылатын мәдени-тарихи, қасиетті орындарға ұдайы барып тұру, әр бір жас маманның бойында өз еліне, ұлтына деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға көмегін тигізеді

Гульнар Исмаилова

 405 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *