Семей.23.02.”Semey Ainasy” – Өнім сапасы мәселелері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен 2023 жылдың көктем айында Ахуалдық штаб құрылды. Штаб құрамына бейінді мемлекеттік органдар, адал бизнес субъектілері және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері кірді.
2023 жылы бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша импорттық өнімнің шамамен 68 түрі зерттелді. Оның ішінде 19 түрі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы нормативтердің бұзылуы анықталды. Атап айтқанда, өнімнің санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға, мәлімделген сипаттамалар мен құрамға, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі сияқты бұзушылықтар.
Нәтижесінде Министрлік тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 63 декларацияның күшін жойды, сәйкестікті бағалау туралы 200-ден астам құжаттардың күшін жойды.
Бұл ретте Қазақстандықтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Министрлік “Сапалы өнім”қоғамдық тұжырымдамасын іске қосуды ұсынды. Жобаның негізгі бағыты – нормативтердің бұзылуын, тұтынушылардың құқықтарын және жосықсыз бәсекелестікті бұзатын әрекеттерді анықтау. Ол үшін заңнамалық құралдар мен тетіктердің базалық жиынтығы бар.
Атап айтқанда, қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң қоғамдық бірлестіктерге мүмкіндік береді:
– тауардың тұтынушылық қасиеттерін зерттеуге;
– тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасауға;
– тауардың сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге;
– тұтынушылардың мүддесі үшін сотқа талап қоюға;
– өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты таратуға.
Сонымен қатар, осы функцияны іске асыру кезінде қоғам бірлестіктер тауарды сату орындарына барған кезде жасалатын барлық әрекеттерді фото -, аудио -, бейнетіркеуді қолдануға құқылы.
Егер тұтынушылар сапасыз азық-түлік емес тауармен бетпе-бет келген жағдайда, аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне, ал егер сапасыз азық-түлік тауарымен бетпе-бет келсе санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне жүгінулері қажет.

 588 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *