Семей.01.02.”Semey Ainasy” – «САПАЛЫ ӨНІМ» жобасы Өнім сапасы мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қазіргі экономикалық жүйенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының сауда интеграция министрлігі қарапайым азаматтардың мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық бірлестіктермен инновацияларды белсенді түрде енгізіп, іс-қимылдарды үйлестіруде, осылайша “Сапалы Өнім”жобасы әзірленді.
Жобаның басты міндеті, тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдерін ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға тарту, сондай-ақ парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасау.
“Сапалы Өнім” жүйесі тұтастай алғанда азаматтардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын кепілді сақтауға және өтеусіз қорғауға бағдарлануы тиіс.
“Сапалы Өнім” бренді бірінші кезекте елдің ішкі нарығында жоғары бәсекелестік туғызуы тиіс.
Қоғамдық бақылау құралдары отандық “Сапалы өнімдерін жылжыту үдерістеріне мониторинг жүргізуге және уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.
– тұтынушыларға қолжетімді тауарды өткізу, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету орындарына бару;
– Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескере отырып, тұтынушыларға қолжетімді тауарды өткізу, жұмысты орындаунемесе қызмет көрсету орындарына барған кезде жасалатын іс-әрекеттерді фото -, аудио -. бейне тіркеуді қолдану;
– сатушының, дайындаушының немесе Орындаушының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеген жағдайда, тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын және өз құқықтары мен занды мүдделерін қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған іс- шараларды, оның ішінде тауарды өткізу, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету орындарында өткізу. Бүгінгі таңда ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Мемлекет Басшысы қойған басты міндет болып табылады.

 554 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *