Семей.5.01.”Semey Ainasy” – Ұлттық ұланның “Шығыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты Семей қаласында орналасқан 5511 әскери бөлімінде 2024 жылғы жаңа оқу кезеңі басталды.
Оқу кезеңі басталу сәтінде әскери оркестрдің орындауында әнұран шырқалды, жауынгерлік ту жоғары көтерілді. Жаңа маусымға аяқ баспас бұрын ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу жасап, сондай-ақ биылға арналған жүйелі жоспарларын ортаға салды.
Шара барысында әскери бөлім жеке құрамы топтарға бөлініп, мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы өтті. Офицерлерге алғашқы сабақты “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы полковник Чокушев Ерлан Иагалиевич жүргізді.
Саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген жұмыстарды атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға тарасты. Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлер алдында атқарылар бірқатар жауапты міндеттер тұр.
1,128 всего, 3