Семей.10.11.”Semey Ainasy”Абай  облысы, Семей қ. ҚАЖД-не  қарасты № 21 мекеме қауіпсіздігі  барынша  төмен мекеме.   Әрбір істі  болған  азаматтар  мен  азаматшалардың Қазақстан Республикасының азаматы  болғандықтан  оларда қоғамның  бір мүшесі болып  табылатыны  сөзсіз. Сол  себепті сотталғандардың қоғамға қайта оралғаннан кейінгі өмірі, заң  қызметкерлерінің басты  назарында болып,  қайта  қылмыс  жасамауына жол бермеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

Кез-келген  түзеу  мекемесінің жұмысы, бас бостандығынан  айырылған  сотталғандарға  түзу  жол  көрсетіп,  бағыт-бағдар  беріп, психологиялық  тұрғыдан да,  әлеуметтік  тұрғыдан да  қоғамға  қайта бейімделуіне жол көрсетіп, сондай-ақ, жұмысқа орналасуына  көмектесу болып  табылады.

       2023 жылдың 10 қарашасы күні,    Абай облысы бойынша ҚАЖД 21 мекемесінде  жазасын  өтеп  жатқан сотталған «М»,«А», және «Т» есімді  азаматтар мерзімдерінің  аяқталуына  байланысты босап шықты. Осы  тұрғыда, мекеме әкімшілігі «Қақпа алдындағы кездесу» іс-шарасын ұйымдастырды.

      Сотталғандар көптен көрмегентуыстарымен кездесіп,  сағыныштарын  бастып  қауышты. Кездесуге  арнайы  шақыртылған Абай  облысы Семей қаласының «Мансап орталығы»КММ маманы Думан Серикханович Коргамбаевсотталғандарға  кеңес  беріп, «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту  бойынша ұлттық жобасы  аясында бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасулары үшін  бос жұмыс  орындарын ұсынды.

«Қақпа алдындағы кездесу» жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы аясында жүзеге асырылуда. Бұрын сотталғандарды бейімдеу – қылмыстық-атқару жүйесі органдарының ғана емес, жалпы қоғамның міндеті. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдарды әлеуметтендіру, қайталанатын қылмыстың орташа деңгейін төмендету негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады.

Шара  соңында  сотталған  азаматтар босап  шыққандарына қуанып  мекеме  қызметкерлеріне  өз  ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

Абай облысы бойынша ҚАЖД  № 21  мекемесініңсотталғандар  арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бастығы әділет капитаны Д.К. Бугилбаев

 818 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *