Семей.26.10.”Semey Ainasy” – Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департементінің 2023 жылдың 9 айы ішінде жұмысының қорытындысы.

2023 жылдың басында Департаментке тұтынушылардың 633 өтініші түскен.
Олардың ішінде: жазбаша –84 өтініш; «жедел желі» телефоны бойынша – 242 өтініш; басшының жеке қабылдауынан – 140 өтініш; мамандардың жеке қабылдауынан – 48 өтініш; «телеграмм бот» арқылы -119.

Тұтынушыларға қайтаруға жататын жалпы сомма 20 миллион теңгеден астам болды. Оның 15 252 191тенге теңгесі қайтарылды.
Өтініштердің, ең көп саны бөлшек саудадан түскен – 375 өтініш, оның ішінде 8 103 282 теңге тұтынушыға қайтарылды.
Екінші орында электрондық саудаға қатысты 100 өтініш қаралды, тұтынушыларға 2 367 538 теңге қайтарылды.

Тұрмыстық қызмет көрсету бойынша 87 өтініш қаралып, тұтынушыларға 2 936 400 теңге қайтарылды.
Тұтынушалардың тұрмыстық тауарларды, сапасы нашар тауарларды айырбастау және қайтаруға қатысты құқықтары жиі бұзылады. Сондай-ақ, тұрмыстық қызметтердің сапасыз көрсетілуі – жиһаз жасау және жөндеу, терезелер мен есіктер жасау бойынша өтініштер жиі қаралады.
Департамент үшінші жақ ретінде 3 сот процесіне қатысты. Барлық жағдайда талаптар тұтынушылардың пайдасына шешіліп, құқықтары қорғалды.
Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 190 бабы бойынша 4 әкімшілік іс қозғалды. Тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мақсатында бақылау субъектісіне бармай 6 профилактикалық бақылау жүргізілді.
Тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылса Департементке жүгінуді сұраймыз. Мекен жайымыз: Семей қаласы, Абай көшесі, 99.
Байланыс телефоңымыз: 8 (7222) 35-34-22

 710 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *