Семей.07.10.”Semey Ainasy” – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғаукомитеті Парламент Мәжілісінде тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау туралы заң жобаларын таныстырубойынша жұмыс жүргізуде. Парламент Мәжілісіндегі осы заң жобасын қарастыру бойынша жұмыс тобының мүшесі ретінде өз ойымды жеткізгім келді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 2003 жылдан бері қызмет істеп келе жатқандықтан бірнеше маңызды өзгерістерге тоқталғым келеді.
Біріншіден қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, тұтынушы тікелей кәсіпкерге құқығының бұзылғаны туралы шағымдануға тиіс. Егер келіссөз сәтсіз болса және кәсіпкер шағыммен келіспесе, тұтынушы екінші кезеңге өтіп, міндетті түрде медиатрдың немесе мемлекеттік органға шағымдануы қажет. Екінші кезеңде мәселесі шешілмеген жағдайда ғана сот органдарына шағымдануға құқылы. Бұл жағдай қарапайым азаматтар үшін қиындық туғызады. Заң жобасында Конституцияның ережесіне және логикаға сәйкес келмейтін бұл жүйені алып тастау ұсынылады. Аталғантүзетулерді қабылдаған кезде тұтынушы өз құқықтарынқорғау тәсілдерін еркін таңдайды. Аталған түзетулердіқабылдаған кезде тұтынушы өз құқықтарын қорғаутәсілдерін еркін таңдайды, сотқа еркін және тікелейталап-арыз береді немесе әкімшілік құқық бұзушылыққұрамы болған жағдайда жауапқа тарту үшінмемлекеттік органға талап-арыз береді.
Екіншіден, тұтынушылардың құқықтарын қорғаумәселелері жөніндегі Омбудсмен институты пайда болады. Оның қызметінің принциптері, кепілдіктері, функциялары және соған байланысты шектеулер, өтініштерді қарау және оны тағайындау тәртібі қамтылған жеке тарау болады. Омбудсмен институтының салалық мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге міндетті түрде қатысу қағидаты бекітілетін болады. Бұл жаңашылдықты мен қолдаймын. Себебі дамыған мемлекеттердің болсын, өз еліміздегі омбудсмен институттарының қызметінің тиімділігін көрудеміз.
Тағы бір жаңашылдық ол Заң жобасы құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген жағдайда тұтынушының пайдасына сот арқылы айыппұл салынып, кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізуді көздейді. Айыппұл мөлшері тұтынушының талап қою сомасының 10 пайызынан 50 пайызына дейін құрайды. Шағым сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл көлемі де жоғарыда көрсетілген мөлшердің аясында көп болады.
Соңғы кезде интернет желісі арқылы сауда-саттық жасау қарқын алуда. Заман талабының көшінен қалмай, біздің елде де онлайн сауданың көрігінің қызып тұрғаны қуантады. Дегенмен, осы бағытта да тұтынушыныңқұқығының бұзылу қатары көбейіп келеді. Осыны ескере отырып жаңа заң жобасында онлайн саудаға қатысты жеке ереже қарастырылған. Яғни, заң жобасымен шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптарға жол бермеуді бекіту, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою, атап айтқанда, тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» теңестіру ұсынылады. Бұл өз кезегінде бизнес субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, заң жобасының жаңа редакциясында заңнамалық актінің құрылымдық элементтері логикалық тәртіппен құрылған.
Заң жобасы қабылданып, қолданысқа енгізілгеннен кейін тұтынушының құқығын қорғау аясы кеңейіп, жаңа тетіктерге қол жететініне сенімдімін. Облысымыздың әр азаматы тұтынушы екенін ескерсек, оның күнделікті тұрмыстағы әрекеті заң шеңберінде қорғалуы керек. Сол себепті заң жобасының жаңа редакцияда қабылдануын қолдаймын да қолданысқа енуін тосудамын.
«Қорғаушы» қоғамдық ұйымының төрайымы Қ. Раймбекова
1,057 всего, 3