Семей.27.09.”Semey Ainasy” – Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтықағарту жұмысы шеңберінде «Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымымен кездесті. Кездесу барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасы түсіндірілді. Оның ішінде тауарларды сатып алу және қызмет көрсетуде кездесетін өзекті мәселерге тоқталып, аудиторияның қойылған сұрақтарын жауап берілді. Ұжымға мемлекеттік органның жұмысы таныстырылып, «e-tutynushy» ақпараттық жүйесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс шара барысында кітапхананың 30 қызметкері қамтылды.
445 всего, 3