Семей.27.09.”Semey Ainasy” – Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы А. Сагидолдиннің төрағалығыменсапасыз және қауіпсіз емес тауарларды анықтау бойынша Өңірлік штаб өткізілді.
Өңірлік штаб отырысында Абай облысыбойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының, «Ұлттық сараптама және сертификация орталығы» АҚ «Семей» филиалының, «Қорғаушы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің, Абай облысы Санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің өкілдері қатысты.
Штаб жұмысының қорытындысы бойынша сапасыз және қауіпсіз емес тауарларды аңықтау, оны сараптамадан өткізу, әрі қарай тиісті шаралар қолдану алгоритмі қабылданды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетіне жолданатын болады.
583 всего, 3