Семей.18.09.”Semey Ainasy”Абай облысының Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті (әрі қарай- Департамент) тұтынушының шағымын қарау бойынша сот процесіне үшінші тұлға ретінде қатысты.

Тұтынушы (талап қоюшы) Семей қалалық сотына жауапкер А.-дан (сатушыдан) 65 000 теңге,әрбір кешіктірілген күн үшін 1% өсімпұл, моральдық зиян ретінде 100 000 теңге өндіріп алу туралы шағымданған. Тұтынушы талабында 14 күн ішінде сапалы тауарды айырбастау немесе қайтару үшін сатушыға хабарласқанын көрсеткен. Алайда сатушы одан бас тартып, шағымға жауап бермеген. Тауарпайдаланылмаған, оның тауарлық түрі мен тұтынушылық қасиеттері сақталған.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы) егер тиісті сападағы                        азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті деп көрсетілген.

Тұтынушының сатушыға ауызша арыздануы жағдайды шешпегендіктен, тұтынушы жоғарыда аталған кәсіпкерлік субъектісін сотқа беруге мәжбүр болған.

Тұтынушының тауардың бағасын, өсімпұлды және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот сатушыдан тұтынушының пайдасына 65 000 теңге, моральдық зиян үшін 5 000 теңге, 15300 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 603 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *