Семей.12.08. «Semey Ainasy» – 2023 жылдың тамыз айының 10 күні, ұлы данышпан философ, ақын Абай Құнанбаевтың туған күні қарсаңында зейнеткер, теміржол саласының ардагері, Ақтөбе облысының танымал марафоншысы, велоспортшы Жумабай Утаргалиев қазақ халқының әлемге танылған ұлы перзенті сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арнаған саяхатын Атырау, Орал, Қобда, Ақтөбе, Хромтау, Ырғыз, Арал, Қызыл орда, Шымкент, Тараз, Шу, Мойынты, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Семей, Павлодар, Қарағанды,Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтау, Атырау бағыттарымен велосипедпен жүру өту және осы саяхат кезінде арнайы Абай елінде болып, Семей қаласында ұлы Абайдың туған күніне орай өзінің Ұлы Абайға деген асыл ойын өмір жүзінде іске асырмақ болып, ұзақ, алыс сапарға жолға шыққан болатын.
Міне сол аңсаған, армандаған мақсаты орындалып атақты марафоншы, батыс елінін ардагері тамыз айының 10 күні Семей жеріне келді.
Белгілі марафоншы Жумабай Утаргалиев тамыздың 10 күні ұлы Абай ескерткішіне гүл шоқын қойып, Абайды музейінде болып, Семей теміржолы ардагерлерімен, ұжымымен кездесу өткізіп, теміржол музейімен танысып алдына қойған мақсаттары орындалғандай болды.
Белгілі марафоншы Жумабай Утаргалиев Абай облысы, Семей каласында болғанда саяхатшының жолсерігі болып, Семей каласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Бердикенов, төраға орынбасары Татьяна Игимбаева, Семей теміржолы бастығының бірінші орынбасары Айдын Шаукежанов, бастауыш ардагерлер ұйымының мүшелері Мақсұт Қошжанов, Сергей Харитоновтар болып, саяхатшыға Абай елі туралы тарихи кітаптар сыйлап, Абай облысы ардагерлер төрағасы Мұратқазы Алин марафоншы Жұмабай Утарғалиевқа Абай облысының құрмет грамотасын табыс етті. Алыстан келген ардагерге ақ жол, толағай табыс тілеп, құрметті марафоншы, ардагер Дегелен, Курчатов; Павлодар бағытыра жолға шықты.
Семей қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Бердикенов
1,001 всего, 6