Семей.21.06.”Semeyainasy” – ЕО тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін құру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнамаға түзетулер енгізіледі.  

Осылайша, сауда және интеграция министрлігітұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін өзгертеді.  

Әзірленген заң жобалары келесі жаңалықтарды қамтиды:  

1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша омбудсменді тағайындау тұтынушылардың құқықтарын қоғамдық қорғауды институционалдық күшейтуге ықпал ететін болады.

2) тұтынушылардың шағымдарын қараудың төрт сатылы алгоритмі екі кезеңге дейін қысқартылады.  

3) соттың шешімі бойынша тұтынушының пайдасына айыппұл түрінде азаматтық құқықтық жауапкершілікті енгізу, бұл кәсіпкерлік субъектілерін тұтынушының заңды талаптарын өз еркімен қанағаттандыруға итермелейтін болады.

4)коммуналдық, көліктік, медициналық, туристікқызметтер, байланыс қызметтері және өзге де қызметтер салаларына тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың базалық қағидаттарын тарату.  

5) онлайн-сауда сегментіндегі заңнамалық олқылықтардың орнын толтыру және басқа да новеллалар.  

ЕО қолданысқа түзетулер енгізілгеннен кейіназаматтардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеугеқанағаттану деңгейі 2025 жылға қарай шамамен80% жетеді деп күтілуде.  

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру мақсатын көздейді.

Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті

 652 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *