Біз күн сайын тауар сатып алып, қызметтерді пайдаланамыз. Алайда әрқайсысымыз тұтынушы ретінде құқығымызды біле бермейміз. Олай болса, мұны түзетейік.

Сатып алушының сатушымен (тапсырыс берушімен, дайындаушымен) қарым-қатынасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңмен реттеледі. ЗАңның 7-бабына сәйкес тұтынушының:

• тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) сатып алу туралы шарттарды еркін түрде жасасуға;

• тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағартуға және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттыруға;

• тауар (жұмыс, қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға;

• қауіпсіз тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алуға;

• тауарды (жұмысты, қызметті) еркін түрде таңдауға;

• тауардың (жұмыстың, қызметтің) тиісті сапасына;

• тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;

• тауардың (жұмыстың, қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;

• сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алуға;

• ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауардың (жұмыстың, қызметтің) сапасы бойынша ойындардың бастамашысына (ұйымдастырушысына) шағым ұсынуға;

• тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;

• моральдық зиянды өтетуге;

• құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.

Көріп отырғанымыздай, біздің құқықтарымыз көп, сондай-ақ ол түрлі аспектілерге қатысты. Оларды ұмытпау және өз мүддемізді қорғау маңызды.

Егер де Сіз товар сатып алған кезде немесе дайындаушы, қызмет көрсетуші тарапынан құқығыңыз бұзылса Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне аласыз. Департаменттің мекенжайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 99. Жұмыс телефондары – 35-39-66, 35-37-43, 35-39-45.

 1,418 всего,  15 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *