Семей.10.05.”Semeyainasy” – 9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтті. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 21 мекемесінде 7-9 мамыр аралығында сотталғандар арасында мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралары ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шараларға сотталғандардың басым бөлігі, әр жасақтан 15-20 жазасын өтеушіден қатыстырылды. Атап айтқанда қатысушылар футбол, армреслинг, шахмат, дойбы, кір тасын көтеру сынды спорттың түрлерінен өзара бақ снасты. Сондай-ақ, мейрамға арналған қабырға газеттердің конкурстары өткізілді.
Байқау жеңімпаздары мен ең белсенді қатысушылар мекеме бастығының құқығымен марапатталды. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақыттарын пайдалы іспен айналысуға, спортпен шұғылдануға, жалпы дұрыс жолға түсуі мен салауатты өмір салтын ұстануына өз пайдасын тигізері сөзсіз.
Сотталған азаматтардың бойларынан отан сүйгіштік, патриоттық сезімдерінің оянуы, сезімдік және отан қорғаған батырларға алғысстары жүздерінен айқын көрінді.
– Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандарды эстетикалық, патриоттық, отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді және Қазақстан Республикасының азаматы ретінде заңға мойынсұнуға, қоғамға оралуына бағыттайды, – деді Абай облысы бойынша ҚАЖД #21 мекемесінің сотталғандар арасында әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бастығы әділет капитаны Д.К. Бугилбаев.
1,726 всего, 15