Семей. 28.04. “Semeyainasy” – Президенттің 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығына сәйкес Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия өз қызметін жүзеге асырады. Бүгінгі таңда мемлекеттік комиссияның бастамасы бойынша қуғын-сүргін бойынша 2 млн.400 мыңнан астам құпия құжат құпиясыздандырылды, 311 мыңнан астам жәбірленушілер мен зардап шеккендер ақталды.
Мемлекеттік кеңесші – Мемлекеттік комиссия төрағасы Е. Т. Кариннің жалпы редакциясымен “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары” сериясында 31 жинақ, оның ішінде 29 құжаттар жинағы және 2 монография жарық көрді.
Осы жинақтардың қатарында Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының мамандары, Абай облысы бойынша саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс топтарының мүшелері дайындаған екі жинақ бар-“Семей Ертіс өңірі тарихының белгісіз беттері”, “Абай облысындағы кеңестік қуғын – сүргін құрбандары”.
Қазіргі уақытта мемлекеттік комиссия жұмысының өзекті бағыты өткеннің объективті бейнесін жаңғыртуға көмектесетін ауызша дереккөздерді – куәгерлердің, олардың ұрпақтарының естеліктері мен куәліктерін жинау болып табылады.
Саяси қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде құрылған өңірлік жұмыс тобы өкілдерінің алдында саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерден, олардың ұрпақтарынан, оқиға куәгерлерінен, 1930-1950 жылдары туған ата-аналарының қайғы-қасіретін естерінде сақтаған аға буын өкілдерінен, сонымен қатар өлкетанушылар, архив және музей қызметкерлері, құқық қорғаушылар мен іздеушілерден естеліктер жинау мақсатында Қазақстан өңірлерінің тұрғындарынан сұхбат алу үшін даярланған үлгі сауалнама арқылы материалдар жинау жұмысы.
Сауалнамалар қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендердің әрбір санаты үшін жеке құрастырылған: бай мен шаруалар, халық көтерілістері мен наразылықтарына қатысушылар, Қазақстаннан мәжбүрлі түрде кеткен босқындар, ГУЛАГ лагерьлерінің тұтқындары, әскери тұтқындар, жер аударылған және арнайы қоныстанушылар, діни қызметкерлер өкілдері және т. б.
Іздеу және сауалнама нәтижесінде алынған материалдар 2023 жылдың соңында Мемлекеттік комиссияның қолдауымен жарыққа шығатын әр аймақ бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандары мен жәбірленушілерді еске алуға арналған 20 томдық кітаптың мазмұнын құрайды.
Құрметті жерлестер!
Қуғын-сүргін салдарынан зардап шеккен туыстарыңыз бен жақындарыңыздың, таныстарыңыздың тағдыры туралы сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз.
Сіздің жауаптарыңыз-ұмытылмайтын тағы бір тағдыр. Бұл мәліметтер саяси қуғын-сүргіннен жазықсыз зардап шеккендерді ақтау процесінде де пайдаланылатын болады.
Сауалнаманың тиісті бөлімінің сұрақтарына жауаптарды жинаққа одан әрі орналастыру үшін “Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы” КММ электрондық поштасына жіберуді сұраймыз. E-mail: kgu-cdni@rambler.ru
Сіз ұсынған мәліметтер қуғын – сүргін құрбандары мен зардап шеккендердің ұрпақтарымен сұхбат негізінде алынған «Қайғылы тағдырлар: көзі көргендер мен бастан кешкендер» – «Трагические судьбы: виденное и пережитое», атты материалдар жинағына енеді, оны Абай облысы бойынша Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмыс топтарының мүшелері басылымға шығаруға дайындайды.
Л.Кадырова , «ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы
2,131 всего, 3