Абай облысындағы No21 мекемесінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталған Т., бостандықта танысқан сүйіктісімен заңды некеге тұрған. Неке қиюдың ресми рәсімі Семей қалалық АХАЖ бөлімінде өтті.

Іс-шара қарапайым болды, бірақ күткендей, жас жұбайлар құжаттарға қол қою және сақина алмасу арқылы қарым-қатынастарын бекітті.

– Мекемелерде жақын адамдармен кездесуге рұқсат етіледі. Сондықтан, алдағы күндері, әрине, мекеменің ережесіне сәйкес, әйеліммен кездескім келеді. Мені бостандықта сүйетін, күтетін заңды жарым бар деген ой жанымды жылытады, – дейді сотталушы Т.

Жалпы, мекеме тарихында жақындарымен тағдырын байланыстырған сотталғандар аз емес.

– Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандардың некегелерін қолдаудың басты мақсаты – олардың бойында отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін ояту, сол арқылы сотталғандарды тәрбиелеу үдерісіне ықпал ету, – дейді сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің аға инспекторы Елес Мұхамедиев.

 1,103 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *