Семей. 24.03. “Semeyainasy” – Қасиетті Рамазан айы аясында Ресей астанасында аталып өтіп жатқан Қазақстан Республикасы мәдени күндеріне орай Абай облысының Абай атындағы қазақ-музыкалық драма театрының актері, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, семейлік әнші Бекзат Омашев Мәскеу төрінде өнер көрсетті.

Елімізге белігілі театр фестивалдары мен ән байқауларының лауреаты Бекзат Қайыркешұлы театр сахнасындағы Абай, Ахмет және тағы басқа тарихи тұлғалардың бейнесін сомдау арқылы танылған өнер иесі.

Үлкен жауапкершілік жүктелген осынау шара аясында театр актері Абай бейнесін сомдап, елімізден жырақта жүрген қазақ ұлты өкілдерінің мерейін өсіріп, ақынның арман-аңсарын жеткізіп ресейлік көрермендердің құрметіне бөленді. Абай аманатын арқалаған таланттың алдағы уақыттағы ісіне табыс, шығармашылық шабыт тілейміз.

 1,120 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *