Семей. 17.09. “Semeyainasy” – «Қорғаушы» қоғамдық бірлестігі Семей қаласы мен өңірлерде тұратын тұтынушылардың құқығын қорғаумен айналысып келе жатқанына жиырма жылдан астам уақыт болды.
Қалдыгүл Хасенқызы қазіргі күні орын алып отырған жайттарға тоқталып өтті.
– Қазір қоғамда ең өзекті тақырып осы тұтыншылар құқығының бұзылуы ғой, себебі қарыс қадам шықсаң тұтынушы құқығы аяққа тапталуда. Сенбесеңіз өзіңіз күнде кездесіп жүрген жәйттар соған куә. Сапасыз тауарлар, сатушының өктемдігі, чекті сұрасаң ғана беретін өз ісіне немқұрайы қарайтын кәсіпкерлер. Тұтынып жүрген тағамдардың көбінің сапасыздығы. Тағамдардың сапасын айғақтайтын серитификат жоқтың қасы. Көбіне тұтыншылар өз құқықтарын білмей жатады. Қайда, кімге барып істің мән-жайын анықтауға енжарлық па, әлде қанға сіңген шектен тыс мейірімділікке салынып, «қойшы соны, оларда нан тауып жүрген жандар ғой» – деп, қолды бір сілтейді. Негізінде олай емес, еңбекпен тапқан әр тиынның қадірін біліп, сол төленген қаржыға сапалы тауар, тиісті қызмет алғанға не жетсін. Өз құқығын білетін сауатты тұтыншылар көп болса, қоғам да өзгерер, кәсіпкер де ойланар. Күн сайын ұялы телефонға әр түрлі наразылықтармен тұтынушылар көптеп хабарласып жатады. Барлық салада тұтынушы жүреді, тұтынушысыз сауда жоқ. Сөзім дәлелдә болу үшін бірнеше фактыға тоқталып кетуді жөн көрдім.
Қаламызда Аужановтар отбасы сәуір айында Өскемен қаласының бір құрылыс заводынан ОСП құрылыс материалын өте қомақты соммаға сатып алған. Жеткізу ақысын барлығын төлеген, алайда сонша жерден алған құрылыс материалдары өте сапасыз болып шыққандықтан тұтыншы завод өкілдеріне хабарласып, талабын айтқан. Алайда завод тұтынушы талабын қанағаттандырмағандықтан бізге келіп шағым жазды. Біз заңға сәйкес үш сатылы механизмдерден өтіп, тәуелсіз сарапшының қортындысымен сотқа талап арызбен жүгіндік. Құрылыс материалы өте сапасыз, мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін болып шықты. Сот барысында ғана тұтыншының қаржысы, жеткізіп беру ақысы, тәуелсіз сарапшыға кеткен қосымша шығындардың барлығы өтелді. Тұтынушылар құқығын қорғау заңы бойынша тұтынушының наразылығы нәтижесінде, тауардың сапасыз болған кезде, ол өтелмесе онда тұтынушыға жауапкер бір пайыз тұрақсыздық айыбын төлеу көзделген. Ол тұтыншы жауапкерге жіберілген наразылық хаттың жіберілген күнінен бастап есептелінеді. Біздің есебіміз бойынша салмақты сомма есептелген болатын, алайда сот аздап төмендеткендіктен, аппеляциялық шағым жазңға дайындалудамыз.
Тағы бір мысал, қаламыздың тұрғыны Алматының массаж жасайтын төсек сатумен айналысатын фирманың үстінен шағым жазды. Ақысыз масаж жасаймыз деп тұсаукесер ұйымдастырып, тұтынушыны сіз ұтысқа шықтыңыз деп несие апанына түсірген. Алданған тұтынушы үйіне келгенде ғана біліп, құқығының бұзылғанын түсініп, бізге келді. «Қорғаушының» заң шеңберінде атқарған жұмысының нәтижесінде, тұтынушы банктен алған қарызын жауып, шығындарынығ орнын толтырды. Осындай Алматының фирмасына алданған Қостанай тұрғынымен Қарағанды тұрғынының шағымдары да тіркелген болатын.
«Қорғаушының» қарауында тағды да бірнеше істер жатыр. Негізі біздің негізгі міндетіміз істі әділ, заңға сәйкес, ұрыс-керіссіз шешу болып табылатындықтан ымыраға келу, татуласу тәртібімен реттегіміз келеді. Алайда кейде өз ісіне адал емес кәсіпкерлер өз кінәсін мойындамай, істі сотқа дейін жеткізуге мәжбүрлейді. Кейбір өз ісіне адал емес кәсіпкерлер қоқан-лоқы көрсетіп, өз қателіктерін мойындағысы келмейді. Олар кіммен жұмыс істеп, яғни тұтынушымен жұмыс істеп отырғандығын түсінбей осындай істерге барады. Тұтыншылар назарына салғым келеді, қайда қандай сауда жасап, қызыметке тапсырыс берсеңіздерде үнемі чек талап етіңіз, міндетті түрде шарт жасап, оны оқыңыз, содан кейін қол қоюға кеңес беремін. Қашанда саудаңыз сәтті болсын, тұтыншы!
Тағы бір тоқталып өткім келген жайт. Абай облысында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесінің құрылғандығы қуантады. Департамент басшысы А.Б. Сагидолдинмен тығыз қарым-қатынастамыз, бірігіп жұмыс істеуді бастадық. Мемелекет тарапынан тұтынушының құқығын қорғауға үлкен көңіл бөлінуде. Департамент Семей қаласы, Б.Момышұлы 19, а мекенжайында орналасқан. Кез-келген тұтынушы тауар алуда, қызмет көрсету кезінде мәселе туындаса Департаментке жүгініп, кеңес алып, келген шығынының орын толтыра алады.
Қорғаушы мекен-жайы: ул. Чехова, 35; ТД «Нур», 2этаж, 10 каб.
Semeyainasy.media
631 всего, 3