Семей.13.06.”Semeyainasy” – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдердің техникалық байқау тексерісі басталды. Әскери техникалар, қарулар, инженерлік мүліктер, радио-химиялық бактериялық қорғаныс заттары мен байланыс құралдарының дін амандығы мен жинақылығы бақылауға алынды. Тексеру қорытындысы бойынша барлық техника жұмыс істеп тұр және кез-келген тапсырманы орындауға дайын.Мамандардың айтуынша, егер көлік құралынан 10 пайыздан артық ақау табылса, «қанағаттандырмайды» деген баға беріледі.

– Жыл сайынғы техникалық байқауды өткізудің негізгі мақсаты әскери техниканы бақылауға дайындап, оның әскери дайындығын қолдау. Оның құрылымы, автопилоттық техникасы, техникалық жағдайы, қарулары мен оқ дәрілерінің күтімі тексеріледі-дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының техника және қару-жарақ басқармасының бастығы полковник Қайрат Токин. кету керек, Ұлттық ұлан бөлімшесінің әскери дайындығы техниканың жеке құрамды белгіленген орынға уақытында жеткізуіне байланысты.

Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
Баспасөз қызметі бастығы

 1,135 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *