Семей. 19.03. “Semeyainasy” – Күні кеше Абай атындағы мемлекеттік музыкалық драма театры актерлерімен брифинг өтті.Қызметкерлер Наурыз мейрамына орай дайындаған іс-шаралары жайлы баяндап берді.
Театр актері Бекзат Омашевтің айтуы бойынша соңғы 2 жыл короновирустық инфекцияға,сонымен қатар елдегі карантиндік жағдайға байланысты театр Наурыз мейрамын атап өте алмаған.Алайда,биыл театр ұжымы барынша белсенді жұмыс жасап,ықыласпен,керемет көңіл-күймен күнделікті балаларға арналған ертегілер және ересектерге арнап спектльдер қойып,Наурызды халықпен бірге ерекше тойлаған.
«Биыл халықтың театрге деген ықыласы мен махаббаты бұрынғыдан да артқан.Спектакльге келуші көрермендердің саны көбейіп,мектеп жасындағы жасөспірімдер мен балалардың бәрі дерлік қойылымдарға қызығушылық білдіріп,қалмай келеді»,- дейді,Қазақстан Республикасының мемлекет қайреткері Шолпан Мухамбетова.
«Келе жатқан Жаңа Жыл мерекесі елімізге жақсылығын,молшығын,берекесін ала келсін.Жерімізде тыныштық болсын,тек бейтішілікте өмір сүруді жазсын.Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!»,-деп театр актерлері барша Қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.
Аяжан Сапаралы
1,403 всего, 12