Семей. 17.03. “Semeyainasy” – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Семей аймағында Абай обылысын құру бойынша ұсынысы Семей өңірінің жұршылығы үшін өте қуанышты жаңалық болды. Жаңа Қазақстан құру басталғаннан кейін өшкенімізді жағып, жоғалтқанымызды тауып, ұмытқанымызды жаңғыртып, тарихымызды түгендеп жатырмыз. Соның бір дәлелі – Алаш автономиясының астанасы (1917-1920 жылдары) Семей қаласына облыс орталығының мәртебесін беру қаламыздың болашағы үшін жасалған маңызды үлкен қадам. Қаламыз көркейіп, жолдарымыз жөнделіп, зауыттар салынып, туризм дамып, көптеген жаңа жұмыс орындары ашылады деп сенеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын !!!

Айым Аубакирова, Цифрландыру және мониторинг бөлімінің басшысы, Ядролық медицина және онкология орталығы

 1,221 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *