Семей. 19.02. “Semeyainasy” – Сапар барысында өңір басшысының қатысуы жиын өтті. Оған қала, кент, ауылдық округтердің қауымдастық өкілдері, ақсақалдары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Шара барысында өткен жылда атқарылған жұмыстар баяндалып, келер жылда жүзеге асатын тапсырмалар берілді.
Білім саласының сапасын арттыру мақсатында мектеп инфрақұрылымын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, биыл Аягөз қаласында 600 орындық жалпы орта білім беретін мектеп құрылысы басталады. Аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарланған.

Бұдан бөлек, Аягөз ауданы бойынша 97 млн теңгеге 21 мектепке және 6 млн теңгеге 4 балабақшаға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұл туралы өңір басшысы
– IT бағыттар бойынша балалардың қамтылуын ұлғайту және олардың дағдыларын тереңдету мақсатында Аягөз ауданында 2 бағдарламалау мектебі ашылады. Бұл сапалы білімнің айқын көрінісі екені анық. Еңбек ресурстарын дайындау мәселесіне келер болсақ, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтумен Аягөз ауданы 96% қамтылған. Сондай-ақ, біз спорттық инфрақұрылымды дамытуды жалғастырамыз. Соның ішінде ауданда Аягөз қаласында жүзу бассейні мен спорт кешенінің құрылысы басталады. Аягөз қаласының Школьная, Алтынсарин көшелері; Малтұғел, Тарбағатай, Дөненбай, Байқошар, Мыңбұлақ ауылдарында 75 млн. теңгеге 6 спорт және шағын футбол алаңын салу жоспарланған,- деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Аягөз ауданында барлық қажетті құралдармен жабдықталған жетпіс 77 секция ашылады.

Semeyainasy.media

 1,270 всего,  12 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *