Семей.21.01.”Semeyainasy” – Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында соңғы уақытта елде орын алған оқиғаға байланысты сөзінде өзекті мәселелерге тоқталып өткендігі баршамызға мәлім. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан жарияланып, елдің оң бағасын алып жатқандығы да көз қуантарлық жайт.
«ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ» сөзінде президентіміз: «Ұлттық ұланды сандық және сапалық жағынан нығайту. Өңірлерде оның жаңа бөлімшелерін жасақтап, қазіргі уақыттағы қызметін күшейту, материалдық-техникалық тұрғыда қамтамассыз ету. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің санын көбейту қажет» – деген болатын.
Бұл бірінші кезекте қолға алынатын мәселелер қатарынан табылып, жүзеге асырылуы қажет өзекті мәселе екендігі рас. Ұлттық ұлан сарбаздары – ел тыныштығының, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, мемлекеттілігіміздің айбынды сақшылары. Ал бөлімшелер қатарының артуы, сарбаздар санының көбеюі, отансүйгіш, ұлтжанды азаматтарымыздың артуы жолында өзіндік оң әсерін тигізері сөзсіз. Тәуелсіздігімізге қол жеткізу, мемлекет құру, шекарамызды шегендеу қаншалықты қиын болса, осы берекелі бейбіт күнімізді сақтап тұру да, соншалықты қиын әрі жауапты іс.
Ұлттық ұлан қатарында тәрбиеленген әр азамат болашақта еліне елеулі азамат болып шығатынына кәміл сенімдімін.
Жоғарыда атап көрсеткен мәселелерден бөлек ел президенті әскери қызметкерлерімізді де назардан тыс қалдырған жоқ. Сөзіме дәлел: «Қажетті арнайы құрылғылармен және көліктермен жабдықтау. Барлық құқық қорғау органдарының арнайы жасақтары қызметкерлерінің жалақысын көтеру қажет»-дейді. Бұл, әрине, алдыңғы шепте жүріп, ел тыныштығының, мемлекет тұтастығының қорғаны болып жүрген әскери қызметшілер үшін қуанышты жағдай. Президентіміздің әскери істі үнемі жіті бақылауында ұстайтындығы белгілі жайт. Арнайы көліктермен жабдықталу мәселесіне назар аударылғанындығы, барша әскери қызметкерлердің оң ықыласына ие болған игі хабар екендігі де даусыз.
«ҚАСІРЕТТІ ҚАҢТАР САБАҒЫ: ҚОҒАМ ТҰТАСТЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК КЕПІЛІ» сөзінде президентіміз: «Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу – айрықша миссия» екенін атап өтті. Елдегі болған ахуал осы сөздердің мән-маңызын тайға таңба басқандай айқын аңғартты. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Бауыржан Момышұлы атамыз айтпақшы: «Елім деп езіліп, жұртым деп жұмылып қызмет етекйік»!
5511 әскери бөлімінің командирі
подполковник Кулибаев Болатбек Иманбекұлы
1,282 всего, 6