Семей. 27.12. “Semeyainasy” – Бұл туралы Семей қаласындағы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-қызметінде Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының директоры Қанат Шапатов айтып берді.
– Пандемияға дейін біз қаладағы мектептермен, колледждермен 200-ден астам іс-шара ұйымдастыратынбыз. Түрлі үйірмелерде балалар тегін және ақылы негізде айналысады. Сонымен қатар жақында робототехника кабинеті ашылды. Болашақта біз жаңа кабинеттер ашуды жоспарлаудамыз. Балаларымыздың бір жылда қол жеткізген жетістіктері аз емес. Бір жарым жылдан астам уақыт біз ешқайда шықпасақта, біздің балалар онлайн форматта көптеген жарыстарға және байқауларға қатысуда. Осы жылдың жазынан бастап біздің ұжым оффлайн қатысып бастады. Балалар қалалық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленді, – деді Қанат Шапатов.
Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы 1992 жылы ашылды. Ол үш ғимаратта орналасқан: бас ғимарат – типтік ғимарат, қалған екеуі – бейімделген. Бізде 60 оқу кабинеті, екі спорттық зал, бір жүзу бассейні, 12 бейімделген спорттық зал, 300 орынға арналған көрермен залы, үш робототехника кабинеті және кітапхана бар. Бізде 4000 бала білім алады. 280 үйірме құрылды, онда 10 бағыт жұмыс істейді: спорттық, көркем-эстетикалық, мектепке дейінгі, техникалық, өлкетану, ақпараттық-танымдық, әскери-патриоттық, бос уақытты ұйымдастыру және тағы басқалары.
Семей қаласындағы ақпараттық орталығы
1,987 всего, 6