Семей. 27.12. “Semeyainasy” – Семей қаласы мәслихатының кезекті 20-шы сессиясы өтті. Депутаттар Семей қаласы мен ауылдық округтердің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін қарады. Сессия жұмысына 19 депутат қатысты.

Семей қаласы бюджетінің көлемі жоғары тұрған бюджеттерден берілетін трансферттер мен кредиттерді ескере отырып, 50 418 299 мың теңгені құрайды, оның ішінде қалалық бюджет – 37 484 996 мың теңге, трансферттер мен кредиттер – 12 933 303 мың теңге.

2022 жылға арналған бюджеттің шығыс бөлігінде инфляция коэффициентін (4-5%) ескере отырып, жалақыны төлеу, коммуналдық қызметтерді төлеу, әлеуметтік төлемдер және басқа да шығыстар толық көлемде қарастырылған.

Бюджеттік қаржыландыру есебінен тұрғын үйлер салу және оларға инженерлік желілер жүргізу, Шығыс кенті мен Шақаман ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту және кеңейту көзделген. Сонымен қатар, қала жолдарын жөндеу, оң жақ бұрылыстарды орнату, білім беру объектілеріне кіреберіс жолдарды және «Семей-Талица» автожолын жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

14 аула аумағы абаттандырылып, қалалық мал қорымы салынады.

Сондай-ақ, қаланың шет аймақтарын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. 16 балалар, спорт және көпфункционалды алаңдарды орнату жоспарланған.

Қайнар ауылын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, ауыл жолдарын ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мұқыр және Мұрат ауылдарына кіретін жолдар жөнделеді.

Барлық қаржыландыру көздері есебінен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 6 360 900 мың теңге қарастырылған. Оның ішінде: еңбек нарығын дамытуға; мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға; атаулы әлеуметтік көмек төлеуге; жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге; тұрғын үй көмегін көрсетуге; азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен, тегін жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау көрсетуге; арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 65 жастан асқан зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыру үшін белсенді ұзақ өмір сүру бөлімшесін қамтамасыз ету.

Ауылдық жерлерге келетін болсақ, Абыралы ауылдық округінде балалар ойын алаңы салынады. Ақбұлақ, Жиенәлі және Новобаженово ауылдарында көше жарығы орнатылады. Алғабас ауылында бұрынғы интернат ғимараты жөнделеді. Көкентауда сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Талица және Жарқын ауылдарында көшелерді жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Мәслихат депутаттары Семей қаласы мен ауылдық округтердің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бірауыздан қолдады.

Сессияда Семей өңірін оңалту жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы қарарын іске асыру бойынша ақпарат тыңдалды.

Мәслихаттың атқарған жұмыстары мен оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп бекітілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай депутаттар Дариға Даирова мен Әміржан Ахмеджанов Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталса, Айнұр Арғынбекова Алғыс хатпен марапатталды.

Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін депутаттар Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметовтың «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын «Абай Құнанбаев» қорының төрағасы Отантай Кәрібжановқа, «Возрождение» неміс мәдени орталығының төрағасы Артур Эккартқа, қалалық мәдениет үйі ақындар орталығының басшысы Дәметкен Омарбаеваға беру туралы ұсынысын қолдады.

Semeyainasy.media

«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және

Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.

Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.

 2,055 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *