Семей. 24.12. “Semeyainasy” – Семей қаласыныңаймақтық коммуникациялар қызметінде Абай атындағы, Ф.М.Достоевский атындағы және «Дариға-ай» театрларының өкілдерімен баспасөз-конференциясы өтті. Әртістер үшін биылғы жылдың үлкен жетістіктерінің бірі – карантиндік шектеулердің жеңілдеуі. Енді театрлардың толтырылымдары 80%.
– Биылғы жылы карантиндік шектеулердің шешілуі біз үшін ең үлкен қуаныш. Енді біз 80% толтырыммен қойылымдар қоя аламыз. Әрине, камералық қойылымдар да болады, онда 10-15 адам жиналады, бұл үйреншікті, бірақ үлкен залда 50 көрерменнің отыруы көңілден шықпайды. Бұл өнер адамдары үшін де, көрермендер үшін да өкінішті. Карантин кезінде біз көптеген интернет-жобалар мен шаралар жүргіздік, әрине, бұл жақсы және шығармашылық жұмыс, алайда бұл театрдай болмайды. Театр – бұл әртіс пен көрерменнің қарым-қатынасы. Көрермен қойылымға болысып, өз алдына актер болуы керек. Біз көрермендерді естиміз, оларды сеземіз және олармен сөйлесеміз. Спектакль көп жағдайда көрерменге байланысты. Биылғы жылы біздің ұжым Көкшетауда өткен халықаралық фестивалға қатысып, Ф.М.Достоевский атындағы театры Рачи Махатаевтың «Завтра была война» атты қойылымымен бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар бізбен Ги де Мопассанның романы бойынша «Милый друг» спектаклі қойылды және жаңажылдық ертегілер көрсетілуде. Сонымен қатар көрермендерге өзін көрсете білген, талантты, әдемі стильді режиссер Рачи Махатаевтың жаңа қойылымын көрсету жоспарымызда бар. Қойылымның атауы әзірше анықталу үстінде, – деді Ф.М.Достоевский атындағы театрдың өкілі, ҚР мәдениет үздігі, актер Андрей Глушков.
Сонымен қатар, алдағы жылы ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы, театр «Қаракөз» спектаклін қоюды жоспарлауда. Алматыдан режиссер шақыртылады. Сондай-ақ Жаңа жыл мерекесінен кейін Нұр-Сұлтан қаласының режиссері басшылығымен Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған жаңа қойылымның жұмыстары басталады.
Баспасөз-конференциясында Аяз ата семейліктерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Ф.М.Достоевский атындағы театрдың актері Федор Любецкий 42 жыл бойы Жаңа жылдың бас кейіпкерінің рөлін орындауда.
– Баршаңызға бейбіт өмір, махаббат тілеймін. Жаңа 2022 жылы барлық армандарыңыз орындалсын. Ең бастысы – ауырмаңыздар, денсаулықтарыңыз мықты болсын. Қалғанының бәрі болады. Еліміз өркендей берсін, аспанымыз ашық болсын. Ең бастысы бейбітшілік пен денсаулық, – деп құттықтады Федор Любецкий.
Семей қаласындағы ақпараттық орталығы
798 всего, 12