Семей әкімі атақты бразилия және әзербайжан футболшысы, «Қайрат» АФК және футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері, халық арасында Кака лақап атымен әйгілі Паулу Рикарду Фигейра Силвамен кездесті. Шаһар басшысы қаланың спорттық жетістіктері туралы айтты және қалада, сондай-ақ елімізде спортты дамытудың маңызды екенін атап өтті.
– Семей – дәстүр бойынша спорттық қала. Біздің қаламыздың тұрғындары, жасы да, кәрісі де спортпен белсенді айналысады. Біздің қазіргі мақсатымыз біз өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеп, біздің жастарды футбол төңірегіне баулу. Егер бәрін сауатты ұйымдастыра білсең, көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады. Бұрын қаламызда болғанды, қазір қайта жаңғыртуға дайынбыз. Біздің басты мақсатымыз осындай. Бұл жастарға үлкен тәрбие болады. Сіз, біздің қаламызға тағы жол саласыз деп ойлаймын, сол уақытта осы мәселені тереңінен қарастыра аламыз, – деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.
Кездесу барысында қала әкімі мейманның иығына шапан жауып, естелік сыйлықтарын табыстады. Атақты бапкердің айтуынша, елде және қалада футболды дамыту футзалдарды ашуға септігін тигізеді.
– Біздің балалардың Әлем Чемпионатындағы жеңісі халықты біріктірді. Осы сәтті пайдаланып, жастарды спортқа тарту қажет. Қалада жақсы футзал қажет. Бұл үшін қалада барлық жағдай бар деп ойлаймын. Мен, футзал командасының бас бапкері ретінде, футбол үшін алаңдаймын және футзал – елдегі футболды дамытуға көп септігін тигізеді дегім келеді. Иә, қазақстандық футболды көбі сынға алады, елде футбол жоқ дейді. Иә, жағдай өте ауыр. Мен көріп тұрмын, футзал футболды дамытады. Мен осында тұрғанда, оны дамыту үшін бәрін жасаймын, – деп тоқталды Паулу Рикарду Фигейра Силва.
Әйгілі футболшы Семейге Алматының «Қайрат» футзал клубының ойыншыларымен келді. Сонымен қатар қонақтар «Арена» мәдени-спорттық кешенінің жұмысымен танысты және қаладағы спорттық қауымдастықтардың өкілдерімен пікір алмасты.
Семей қаласындағы ақпараттық орталығы
1,040 всего, 6