Семей. 23.12. “Semeyainasy” – Асфальт жабудың орта жөндеуімен қаланың 30 көшесі қамтылды, ұзындығы – 37,4 шақырым. Қаланың 47 көшесіне грейдерлеу жүргізілді, олардың жалпы алаңы 265,5 мың шаршы метрді құрайды. 12 оң бұрылыс орнатылды, 106 көшеге және жергілікті маңыздағы 58 мың шаршы метрдегі жолға ағымды жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.

–           Алдағы жылы қаланың 228 көшесіне сомасы 6 322,6 млн теңгеге жөндеу жүргізу жоспарлануда, оның ішінде: 88 көшеге ағымды жөндеу жүргізіледі, жалпы ұзындығы 62,7 шақырымды, құны – 3800,0 млн теңгені құрайды; 38 көшеге грейдерлеу жүргізіледі, жалпы ұзындығы – 20,4 шақырым, құны – 200,0 млн теңге; 50 оң бұрылыс орнатылады, жобаның құны – 400,0 млн теңге; Шәйжүнісов көшесінен 6-линия көшесіне дейінгі Өскемен көшесін кеңейту, ұзындығы – 2 шақырым, құны – 1122,6 млн теңге. Жергілікті маңыздағы «Семей-Талица» жолының ағымды жөнуіне 600,0 млн теңге бөлінді, жалпы алаңы – 113058 шаршы метр, – деп айтып өтті Бақытжан Байахметов.

Тағы 50 көшеге ағымды жөндеу жүргізу жоспарлануда. Жалпы алаңы – 18843 шаршы метр, жобаның құны – 100,00 млн теңге.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

 638 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *