Семей. 23.12. “Semeyainasy” – Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов айтып өтті.
– Сапалы білім алу жағдайын теңестіру үшін және қаладағы оқушы орындарының дефицитін болдырмау мақсатында келешекте 2700 орынға арналған 5 мектеп құрылысы жоспарланған, Қарағайлы ықшам ауданында 1 мектеп, Водный кентінде – 1, Ақсай кентінде – 1, Шығыс кентінде – 1 және 1 инновациялық технология мектебі, – деп хабарлады қала әкімі.
Бұдан бөлек, балаларды мектепке дейінгі мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту үшін, мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде 2290 орынға арналған 9 бала-бақша құрылысы жоспарланған. Қарағайлы ықшам ауданында – 2 (320 орынға арналған), Восход кентінде – 1 (140), Бобровка кентінде – 1 (320), Шығыс кентінде (сол жағалау) – 1 (320), Водный кентінде – 1 (90), Шығыс кентінде (оң жағалау) – 1 (140), Жаңа құрылыс ауданы – 1 (320) және қаланың орталық бөлігінде – 1 (320).
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде 2 жастан 3 жасқа дейінгі 3 мыңға жуық бала кезекте тұрғаны атап өтілді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиемен және білім берумен қамту 76,7%-ды құрайды.
Семей қаласындағы ақпараттық орталығы
634 всего, 3