Семей. 23.12. “Semeyainasy” – Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанынан 31 желтоқсанға дейін Семейде «Шырша» жедел-алдыналу шарасы жүргізілуде. Жедел шара басынан бастап төрт әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олардың бір фактісі бойынша материалдары сотқа жолданды. Бұл туралы Семей қаласындағы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қаласының табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы полиция майоры Дархан Мырзекенов айтып өтті.
– Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша ағаштарын заңсыз кесу бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде. Рейдтер «Семей орманы» резерватында және қаладағы сату орындарында жүргізілуде. Шара басынан бастап ҚР ҚК 204-бабы, «Белгіленбеген орындарда сату» бойынша төрт бұзушылық анықталды. Бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Тұрғындарды заңсыз шырша ағаштарын кеспеуге шақырамын, – деді Дархан Мырзекенов.

Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

 980 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *