Семей. 23.12. “Semeyainasy” – «Біліктілікті жоғарлату және кадрларды қайта даярлау» бағдарламасы бойынша 2019-2021 жылдары қаладағы 74 медицина қызметкері әлемнің жетекші емханаларында біліктіліктерін жоғарлатты, соның 35 қызметкері ядролық медицина және онкология орталығынан, 3 қызметкер жедел-медициналық жәрдем емханасынан, 6 қызметкер перинаталды орталықтан. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов айтып өтті.
– Тәуелсіздіктің 30 жылдығында ядролық медицина және онкология орталығының диспансерінде Қазақстандағы алғашқы радиойодпен емдейтін радионуклеидті терапия бөлімшесі ашылды. Қазір арнайы БФЭКТ (Бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография) және КТ аппараттарында Алматы қаласындағы ядролық физика институты өндіретін отандық «технеций-99м» препаратын қолдана отырып радиоизотопты зерттеулер жүргізілуде. Радионуклидті терапия бөлімшесінде 174 науқас ем қабылдады, қазіргі уақытта 14 адам емделуде. Радионуклидті диагностика бөлімшесінде 654 адам тексерілуден өтті. Қараша айының басындағы есеп бойынша радиойодтерапиядан 188 науқас емделуден өтті, – деп хабарлады Бақытжан Байахметов.
Сонымен қатар Семейде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Қамқорлық» қорының қолдауымен қалалық перинаталды орталық базасында Балаларды оңалту және катамнез орталығы ашылды. Семей ядролық полигонынан зардап шеккен мүгедектер үшін 150 төсек-орынға арналған оңалту орталығының құрылысы басталды. Бұл жобаға 5,2 млрд теңге бөлінді.
Перзентханаларда медициналық көмек көрсетуді дамытуға басты назар аударылуда. Ағымдағы жылдың шілде айында перинаталды орталықтың 85 төсек-орынға арналған жаңа ғимараты ашылды. Жаңа ғимарат заманауи жабдықтармен жабдықталған. Ана мен балар үшін қолайлы жағдай жасалған.
Семей қаласындағы ақпараттық орталығы
677 всего, 12