Семей. 26.11. “Semeyainasy” – Қалалық білім беру мекемелерінде енгізілген қауіпсіздік шаралары туралы АКҚ-де өткен баспасөз конференциясында Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев айтып берді.

– Бүгінде қолжетімділікті бақылау жүйесімен Семейдің 40 мектебі қамтамасыз етілген. Күзет агенттіктерімен 42 мектеп келісім жасады. Мұның бәрі біздің балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мектептерде қызығушылықтары бойынша түрлі үйірмелер мен спорт секциялары жұмыс істейді, – деп хабарлады Айдар Садырбаев.

Әкімнің орынбасары сондай-ақ, келесі жылы Шығыс және Степной кенттерінде тағы екі мектеп ашу жоспарланғанын еске салды. Бұл қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтып, шалғай жерлердегі  оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Семей қ. ақпараттық орталығы

 648 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *