Семей. 26.11. “Semeyainasy” – Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев мәлім етті.
–Бүгінгі таңда қалада 230 мыңнан астам ересек адам вакцинацияланды. Бір апта бұрын жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау басталды. Қалада коронавирустық инфекцияны емдеу үшін барлық жағдай жасалған, – деп атап өтті Айдар Садырбаев.
Айта кетейік, бүгінде қала КВИ таралу қарқыны бойынша “жасыл” аймақта орналасқан. Бұл нәтижеге вакцинацияны уақытылы алып, әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы қол жеткізілді.
Семей қ. ақпараттық орталығы
570 всего, 12