Семей. 26.11. “Semeyainasy” – Семейде бұл күндері мерекелік іс-шаралар жоспарланғанымен,  эпидемиологиялық жағдай бәрін өзгерте алады. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев мәлім етті.

– 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне  және Тәуелсіздік күніне орай бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарлануда. Ашылу рәсімі Ұшақтар кенті мен Қарағайлы шағын ауданында өтеді. Сондай-ақ, білім беру және мәдениет мекемелерінің базасында қосымша іс-шаралар өткізілетін болады. Сондай-ақ, 4 желтоқсанда “Астана Балет” ұжымының шығармашылық кешпен келуі де маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Балабақшалардағы ертеңгіліктерге келетін болсақ, оларды санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізу жоспарлануда. Алайда, барлығы қаладағы эпиджағдайға байланысты болмақ, – деді Айдар Садырбаев.

Ол сондай-ақ “жасыл” аймақта қалып, мерекелік іс-шараларды өткізу мүмкіндігі тек ересектерге ғана емес, жасөспірімдердің де  вакцинациядан өтуіне тікелей байланысты екендігін жеткізді.

Семей қ. ақпараттық орталығы

 621 всего,  12 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *