Семей. 25.11. “Semeyainasy” – Офицерлер үйінде “Генералдар кеңесі” Республикалық қоғамдық бірлестігі қайтыс болғаннан кейін жауынгер-интернационалистің анасын ұйымның жоғары наградасы – “Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы – “Кеңес Одағының Батыры”, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы” естелік медалімен марапаттады. Салтанатты шараға офицерлер, сарбаздар мен әскерге шақырылушылар да қатысты.

– Сіздің ұлыңыздың іс-әрекеті ерлік пен батырлықтың айқын көрінісі. Ол біздің елде ғана емес, сонымен қатар шетелде де мойындалды. Раджанның медальмен мараптталауы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов сол жаста Кеңес Одағының Батыры атануының өзара  символдық мәні бар, – деді  генерал-майор Махмут Телегусов.

Сондай-ақ ұйым атынан қаза тапқан батырдың отбасына 1 миллион теңге көлемінде материалдық қолдау көрсетілді.

Семей қ. ақпараттық орталығы

 582 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *