Семей. 24.11. “Semeyainasy” – Биыл 195 көшені жөндеуге 3146,981 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков АКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында толығырақ айтып берді.
– Қала жолдарының жалпы ұзындығы 756 км құрайды. Оның 291,2 км асфальт-бетон, 464,8 км қиыршықтас-топырақ жамылғысы төселген. 30 көшені орташа жөндеуге 2553,481 млн теңге бөлінді. Мердігерлер – “Облшығысжол” ЖШС және “Гордорстрой”ЖШС. Ұзындығы 30 шақырым болатын 47 көшеге құм және қиыршық тас төсей отырып, көшелерді грейдерлеуге 2000 млн теңге бөлінді. Сондай – ақ, 106 млн теңге сомаға 12 оң жақ бұрылыс салынды, – деп есеп берді Димитрий Гариков.
Келесі жылы 6322,6 млн.теңгеге Семейдің 228 көшесін жөндеу жоспарлануда.
Семей қ. ақпараттық орталығы
611 всего, 6