Семей.24.11.”Semeyainasy” – Жарықтандыру Everlight компаниясымен 588 млн теңге сомасына қолданыстағы келісімшартты кеңейту шеңберінде жүргізіледі. Жарығы жоқ көшелерге 2014 шам орнату жоспарлануда. Бұл туралы АКҚ-де өткен баспасөз конференциясында Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков мәлімдеді.
–2022-2023 жылдары 2,083 млрд теңге сомасына қосымша несие және бюджет қаражатын тарта отырып, жаңа келісімшарт жасасу шеңберінде 203 көше жарықтандырылады. Осы жобалар бойынша көшелерді жарықтандырудың ұзындығы 212,5 км құрайды.Туристическая, Юбилейная, Огородная, Морозов көшелерін жарықтандыруға келер болсақ, қазіргі уақытта Туристическая көшелерінде Мичурин көшесінен Березовая көшесіне дейін (80 шам, 2,5 км) және Морозов көшесіндегі (88 шам, 812 м) тіректерді, шамдарды орнату және кабель тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай – ақ, 2022-2023 жылдарға арналған көше жарықтандыру жүйелерін жаңғырту бойынша жұмыс кестесіне Юбилейная және Огородная көшелері енгізілді, – деп хабарлады Димитрий Гариков.
Биыл Семейдің 110 көшесіне “Горсвет LTD” ЖШС мердігер ұйымы 6 736 шам орнатты.
Semeyainasy.media
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.
747 всего, 9