Семей. 24.11. “Semeyainasy” – Бұл туралы АКҚ-де өткен баспасөз конференциясында Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков айтты.

– Бұл жұмысты “Зеленстрой Семей” ЖШС жүргізуде. Күн сайын мердігер ұйымның қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді су басуын болдырмау үшін арықтарды аралап, мониторинг жасайды. Тамыз айының басында Қызыл Кордон, Контрольный, Затон, Дальняя, Березовский кенттері, Татимов, Огородная, Паровозная, Садовая, Макаренко, 2 Ақкөл, 7,8 өткел, Дөнентаев, Белібаев, Мичурин, Фестивальная көшелері, “Недра”ЖШС ауданында қоқыстан тазарту жұмыстары басталып, әлі де жалғасуда. Су тасқыны кезеңінде тұрғын үйлерді су басудың алдын алу мақсатында Шығыс кентінің өрт сөндіру саяжай алабы ауданында Аюченко және Терешков көшелерінің батпағында су өткізуді жақсарту үшін құбырлар ауыстырылды, – деп хабарлады Димитрий Гариков.

Арық жүйесінің, су бұру арықтарының, су өткізу құбырларының, жер үйінділерінің, нөсерлік кәріздердің және басқа да инженерлік құрылымдардың жай-күйі жауапты органдардың тұрақты бақылауында екені атап өтілді.

Семей қ. ақпараттық орталығы

 675 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *