Семей. 23.11. “Semeyainasy” – Бұл туралы АКҚ-де өткен брифингте Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев мәлім етті.

– Жеті жобаны іске асыру жоспарлануда.  913 га алаңда суару жүйесін орнату жобасының құны -358 млн.теңгені құрайды. Сондай-ақ, 307 млн.теңгеге 700 га алаңда суару жүйесін орнату жоспарлануда.  Сондай-ақ, майлы, дәнді және жем-шөп дақылдарын өндіру және 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жоспарланған. Тағы бір жоба – “Ba Agro Invest group” ЖШС. Оның құны 2500 млн.теңге. Сондай-ақ, Приречное ауылында 80 млн.теңгеге 1500 басқа арналған бордақылау алаңын салу жоспарлануда. Сондай– ақ, “Агрофирма Приречное” ЖШС-де 250 млн.теңге сомасына асыл тұқымды  кеңейту бойынша жобаны іске асыру жоспарланған, – деп хабарлады Дархан Жөргекбаев.

Семей қ. ақпараттық орталығы

 589 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *