Семей. 23.11. “Semeyainasy” – Бұл туралы АКҚ өткен брифингте Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев мәлім етті.
– “Халықтық қатысу бюджеті” жобасы аясында биыл үш жоба іске асырылуда. Олар Би Боранбай көшесінде тротуарларды жайластыру, Холодный ключ кентінің балалар алаңын жайластыру және Восход кентінің спорт алаңын жасақтау болып табылады. Келесі жылы 33,5 млн.теңгеге төрт жобаны іске асыру жоспарланған. Шығыс кенті, РСУ-1, Шугаев көшесі бойында 3 балалар және бір спорт алаңының құрылысы қарастырылған. Қаланы дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде келесі жылы Степной және Шығыс кенттерінде тиісінше 300 және 1200 орындық екі жаңа мектеп өз есігін ашады. Болашақта қалада 2400 орындық үш мектеп, оның ішінде Қарағайлы шағын ауданында бір мектеп, Водный кентінде бір мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ, 1100 орындық төрт балабақша салу жоспарланған, – деп хабарлады Дархан Жөргекбаев.
Semeyainasy.media
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.
774 всего, 6