Семей. 23.11. “Semeyainasy” – Бұл туралы АКҚ-де өткен брифингте Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев мәлім етті.

– Өңдеу өнеркәсібінде 201,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Тау-кен өнеркәсібінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,9 млрд теңгені құрады. Қағаз және картон ыдыстарын өндіруді кеңейту бойынша жаңа желілер ашылды. BH120F new – 12 метрлік  автобустарының жаңа түрін шығару игерілді. Жоғары кернеулі кабельдерді өндіру желісі, қиыршық тас қоспасын қайта өңдеу бойынша ұсату-сұрыптау кешені іске қосылып, асфальт өндірісі жолға қойылды. Жоғары технологиялық кәсіпорындар өндіріс көлемін ұлғайтты. Биыл “Аяқ киім фабрикасы” ЖШС 30 мыңнан астам жұп аяқ киім өндіріліп, өндіріс көлемі 21,6% – ға артты. Былғары-тері комбинатының өндірісі қайта жандана отырып, 230 мың ш.м. былғары жартылай фабрикаты шығарылды.  “Қазэлектромаш” ЖШС радиациялық-тігілетін кабель өндіру жобасын іске асыру жоспарланған. “СемАз” ЖШС арнайы техниканы құрастыруға арналған цехтың құрылысы бойынша жобаны іске асыруды бастады, – дейді Дархан Жөргекбаев.

Сондай-ақ, коммуналдық және тұрғын үй құрылысында шығарылатын өнімді пайдалану, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар жобалары шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту есебінен құрылыс материалдарын өндіру бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарының жүктемесін ұлғайту жоспарлануда.

Семей қ. ақпараттық орталығы

 2,742 всего,  3 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *