Семей. 23.11. “Semeyainasy” – Биылғы жылы Семейді жылумен қамтуға 1,6 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде жылумен жабдықтау объектілерін ағымдағы жөндеуге – 1,3 млрд теңге (облыстық бюджет есебінен 900,2 млн теңге, қалалық бюджет есебінен – 428,8 млн теңге), қазандықтар мен жылу желілерін қайта жаңартуға ЖСҚ әзірлеуге – 308,1 млн теңге қарастырылды.  Қарағайлы шағын ауданын жылумен қамтамасыз ету үшін РК-3 аудандық қазандығын қайта құрудың 2 кезегі аяқталуда. Бұл белгіленген қуатты 41,95-тен 70 Гкал/сағатқа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Болашақта ауданның тұрғын үй қорының ұлғаюын ескере отырып, қуатын 130 Гкал/сағатқа дейін ұлғайта отырып, РК-3 кеңейту жоспарлануда. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде, – деді Дархан Жөргекбаев.

Сондай-ақ, көктемгі кезеңде жеке үйлерді су басуды болдырмау үшін, жұмыспен қамту жол картасы бойынша ағымдағы жылы Бейбітшілік аралындағы Ертіс өзенінің, Затон және Мирный аудандарының жағалауларын нығайту жұмыстары 1,7 млрд теңгеге жүргізілуде.

Семей қ. ақпараттық орталығы

 806 всего,  12 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *