Семей. 23.11. “Semeyainasy” – Бұл туралы АКҚ-де  өткен брифингте Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев мәлім етті.

Брифингте хабарланғандай, орташа жөндеу жұмыстарымен қаланың 30 көшесі қамтылды. 27 көшеде жұмыстары аяқталды.  Қаланың 106 көшесіне және 58 мың ш. м. жергілікті маңызы бар жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді.

–Жалпы, жыл сайын осы мақсаттарға шамамен 3 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр. Республикалық бюджет есебінен “Семей-Қайнар”автожолының 53 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Инфрақұрылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады, – деп хабарлады Дархан Жөргекбаев.

Сондай-ақ,  5,2 млрд.теңгеге “Сергек” фотобейнетіркеу жүйесін енгізу жоспарлануда. Бұл 40 жол қиылысында және 74 желілік учаскеде 1 391 камера, әлеуметтік объектілер мен көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында адамдар көп жиналатын жерлерде 687 камера орнатуға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері 14 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде “Бір қабатты Шығыс” бағдарламасы аясында жеті коммерциялық, жеті несиелік және 16 жеке тұрғын үйі бар.

Семей қ. ақпараттық орталығы

 565 всего,  12 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *