Семей.17..11.”Semeyainasy” – Қала басшысы Бақытжан Байахметов Әуезов даңғылына барып, жөңдеу жұмыстарын тексерді. Мұнда асфальт жабынын орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

–Бұл Семейдің сол жағалауындағы көптеген тұрғындар тұратын орталық көше. Сондықтан жол жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы болуы керек, – дейді әкім.

Қазір жоба бойынша жұмыстарды орындайтын мердігер негізгі жолдан аулаішілік жолдарға шығатын жолдарды асфальттайды, құдықтар көтереді, жаңа жиектерді орнатады. Қазірдің өзінде жолдың бір жағында 8 съездер мен тұрақтар жасалды, әрі қарай жұмыс жолдың екінші жағынан жалғасатын болады. Жұмыстар жақын күндері аяқталуы тиіс.

–Жалпы, битумның болмауына байланысты 15 күн бойы тоқтап тұрғанымызға қарамастан, жоспарланған көлем мен жұмыс кестесін орындадық. Біз тек орталық көшелерді ғана емес, сонымен қатар шеткі аудандағы – Водныйға, Ақсайға, Березовскийге және басқа да қалалық елді мекендерге апаратын жолдарды жөндедік. Кезекті жөндеу жоспарында Степной кенті тұр, – дейді Бақытжан Байахметов.
Жалпы, 28 асфальтталған көше жөнделді, тағы 50-ден астамы грейдерлермен және төсемдермен қамтылды. Келесі жылы осы 50-ден астам көшеге асфальт төсеу жоспарланған.
Айя Канатова

 606 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *