Семей.18.11.”Semeyainasy” – Қала әкімі Бақытжан Байахметов «QazaqAstyqGroup» зауыты ауданындағы Южная көшесіндегі жұмыс барысын тексерді.
–Бұл қаланың шеткі аудандарының бірі. Аталмыш көшеде грейдерлеу жұмыстары көшенің шамамен 1 шақырымын қамтыды. Ені 6 метр болатын жол төсеміне 630 тонна қиыршық тас пен 420 тонна құм және тас төселді. Жалпы жұмыс барысында 10-нан астам техника жұмылдырылды. Мердігер ұйым жұмысты шамамен бес күнде аяқтады, – дейді қала басшысы.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл көшеде жаңбырдан және көктемде қар ерігеннен кейін жүру мүмкін емес еді. Жердің барлығы балшыққа айналатын. Енді тұрғындар асфальттауды асыға күтуде. Бұл жұмыс келесі жылға жоспарланған.
Биылғы жылы жалпы 28 көшеге асфальт төселді, ал грейдерлеу және құм мен қиыршық тас төгу жұмыстары 50-ден астам көшені қамтыды.
Айя Канатова«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.
Semeyainasy.media
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және

713 всего, 3