Семей.14.11.”Semeyainasy” – Қала әкімі Бақытжан Байахметов Nur Otan партиясы филиалының қоғамдық қабылдауында кезекті рет азаматтарды онлайн форматта қабылдады. Негізінен, азаматтар тұрғын үй мәселесі бойынша сұрақтар қойды.

–Мысалы, қала тұрғыны А. Семизова тұрғын үй сатып алуға көмек көрсетуді сұрады. А. Семизова мен оның жұбайы – I топтағы мүгедек, тұрғын үйге кезекте тұр. Мен ТКШ бөлімі басшысының орынбасарына 1-ден 4 қабатқа дейінгі үйлерде тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырдым. Сонымен қатар, Чернобыль ардагері пәтерін кеңейту өтініш білдірді. Оның айтуынша, екі бөлмелі пәтерде төрт ересек адам тұрады. Сондай-ақ, пәтер жоғарғы қабатта орналасқан, кей кездері үйдің төбесінен су ағып кетеді. Оған тұрғын үй алаңын кеңейтуге кезекке тұру үшін СЭС қорытындысын алып, одан кейін ХҚКО-ға өтініш беру қажеттігі туралы түсініктемелер берілді. Бұл қабылдауда барлығы бес тұрғынды қабылдадым. Тағы екі азамат бойынша уәкілетті бөлімдерге олардың мәселелерін қосымша қарауды тапсырдым. Барлық мәселе менің жеке бақылауымда, – дейді әкім.

Сондай-ақ, қала басшысы қала азаматтарын жеке сұрақтар бойынша да қабылдады. Сұрақтар тұрғын үйге байланысты болды.

Солай, семейліктердің бірі Әлия Қалиеваның айтуынша, тұрғын үй кезегінде оның әпкесі тұрған. Әпкесі қайтыс болғаннан кейін, заң бойынша, кезек Әлияға өтті. Бірақ, кейін Бейбітшілік аралындағы мүлікті иеліктен шығаруға байланысты ол кезектен алынды. Өмірлік қиындықтарға байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тұрғын үй комиссиясының 2019 жылғы 6 маусымдағы шешімімен Әлияға Гагарин көшесі, 260, 51 пәтер бойынша уақытша тұрғын үй берілді және 2019 жылғы 13 маусымда жалдау шарты жасалды. Бірақ пәтердің бұрынғы иесінен оған коммуналдық қызметтер үшін 60 мың теңге қарыз жазылған. Бірақ, Әлия көрсетілген сумманы төлей алмайды. Әкім ТКШ бөліміне осы мәселені анықтау және шешім нұсқаларын іздеу үшін 15 қарашада тағы да өтініш берушіні қабылдауды тапсырды.
Тағы бір Семей қаласының тұрғыны Айнұр Иебаева жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп отыр. Айнұрдың бір баласы – мүмкіндігі шектеулі. Ол тұрғын үй алу кезегіндегі жағдайды түсіндіруді, сондай-ақ оның баласына медициналық тексеру жүргізуге көмектесуді сұрады. “Толық емес отбасылар” санаты бойынша оның кезек нөмірі – 2618 екені анықталды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан Мичурин көшесі 79, 10 пәтер мекенжайы бойынша иесіз тұрғын үйді алған. Қала басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш берушінің ұлын МРТ зерттеуіне жіберу мәселесін шешуді тапсырды.

–Барлығы менің жеке қабылдауымда сегіз адам болды. Барлық сұрақтар бойынша тиісті бөлімдерге тапсырмалар берілді, – деп Бақытжан Байахметов сендірді.

Айя Канатова

 572 всего,  12 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *